Это третий урок проекта «Финасовая перезагрузка», где мы вместе с экспертом по инвестициям и финансам Асель Аульбековой прокачаем наше финансовое мышление. В этом материале вы узнаете как проверять финорганизации, чтобы не нарваться на мошенников.
Әр төлем жасағанда, ақша аударғанда, кредит ресімдегенде, депозитке ақша салғанда немесе көлігіңізді немесе мүлкіңізді сақтандырған сайын, сіз қаржылық қызметті тұтынушы саналасыз. Ал сіздің тұтынушы ретіндегі құқығыңыз бұзылса, оны заң аясында қорғауға толық құқылысыз.
Бұл үшін ең жиі кездесетін жағдайларды білгеніңіз жөн. Мұндай жайттар үнемі болып тұрады, бірақ адамдардың көбісі мұның құқық бұзушылық екенін біле бермейді.
1 құқық бұзушылық: ТЕХНИкалық ақаулар
Кейде сіз бәрін дұрыс жасайсыз, бірақ жүйе сыр береді – ал сізді «кінәлі» қылып қояды.
ҚАЛАЙ БОЛАДЫ:
Төлем уақытында жасалады → жүйе кешіктіреді → сізге өсімпұл қосылады.
Техникалық ақау кесірінен профиліңіз нашарлайды.
👉 Бұл құқық бұзушылық.
2 құқық бұзушылық: ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУДАН БАС ТАРТУ
Сіз қиын жағдайға тап болдыңыз делік. Мысалы,
Жұмыссыз қалдыңыз
Ауырып қалдыңыз
Табысыңыз азайды
Төлем жасау қиындады
👉 Егер банк үстінен пайыз қосса немесе жағдайыңызды ескермесе – бұл да құқық бұзушылық саналуы мүмкін.
3 құқық бұзушылық: МҚҰ-ның шектен асқан айыппұлдары
Микроқарыздардың артық төлем мөлшеріне қатысты нақты шектеу бар, бірақ кейбір микроқаржы ұйымдары оны бұзады.
👉 Артық төлем қарыз сомасының 50%-ынан асса – бұл заңға қайшы. Микроқарыздар туралы сабаққа қайта оралып, қарап шығыңыз!
4 құқық бұзушылық: коллекторлар тарапынан болатын құқық бұзушылық
Қарызыңыз болған күннің өзінде, ешкімнің шектен шығуға құқығы жоқ.
Егер:
Түнде қоңырау шалса
Туысқандарыңызға хабарласса
Қорқытса
Қарыз туралы ақпаратты жария қылса, бұл құқық бұзушылық болып саналады.
дауларды қалай дұрыс шешу керек – үш деңгей
Құқығыңызды қорғау үшін жүйе бойынша әрекет еткен абзал. Ол жеңілінен қиынына қарай – үш қадам бойынша жасалады.
деңгейлердің сызбасы:
1-деңгей: қаржы ұйымы (БАНК немесе МҚҰ, сақтандыру компаниясы немесе брокер)
Алдымен мәселе туындаған жерге жүгінеміз. Олар көмектесуге міндетті – сұрағыңызды қарастырып, жауап беруі керек.
Мерзімі: 15 жұмыс күні, қажет болса – тағы 15 күн
ҚАЛАЙ ЖҮГІНУГЕ БОЛАДЫ:
Қосымша арқылы
Ресми пошта арқылы
Тікелей кеңсеге бару
НЕ ЖАЗУ ҚАЖЕТ:
Болған жағдайды (фактілер)
Неліктен бұл құқық бұзушылық (шартқа немесе заңға сілтеме жасау)
Не істегіңіз келеді (талаптарыңыз)
Қандай құжаттарды қоса бересіз
2-деңгей: ОМБУДСМАН
Егер қаржы ұйымы көмектесе алмаса, тәуелсіз делдал — омбудсманға барамыз. Ол дауды тез әрі тегін шешуге көмектеседі.
Банктерге қатысты мәселелер бойынша → банк омбудсманы
Алдымен банк/МҚҰ/сақтандыру компаниясына жүгініңіз
Құжаттар жинаңыз
Жағдайды факт бойынша сипаттаңыз
Түбіртектерді, шартты, скриншоттарды қоса беріңіз
ОМБУДСМАНДАР ҚАНДАЙ мәселелерді ҚАРАСТЫРАДЫ?
Мыналарды ҚАРАСТЫРАДЫ:
✅ Қарыз шарттарын өзгертуге қатысты даулар ✅ Қайта құрылымдау ✅ Міндеттемелерді орындау ✅ Техникалық ақаулар ✅ Заңсыз есептеулер ✅Сақтандыру ұйымдары мен клиенттер арасындағы дауларды шешу
ЕГЕР:
❌ Дау сотқа жолданып қойса ❌ Атқарушылық жазба болса ❌ Банк/МҚҰ-ға жүгінгенге дәлел болмаса ❌ Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өтініштері болса, ҚАРАСТЫРМАЙДЫ
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ең алдымен ұйымның өзіне жүгіну керек!
Омбудсман көмектескен нақты жағдайдың бірін ұсынайық. Мүгедектігі бар зейнеткер жұбайын емдетуге микрокредит алып, көп ұзамай жұбайы қайтыс болған. Ол жалғыз қалды, бір ғана табысы – зейнетақысы еді. Төлеу қиынға соғып, микроқаржы ұйымына жүгінген, бірақ онда зейнеткерге тек 3 айлық қайта құрылымдауды ұсынған. Микроқаржы омбудсманының көмегіне жүгініп, қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін, МҚҰ үшін міндетті қайта құрылымдау мақұлданды. Зейнеткерге 12 айға ыңғайлы жаңа төлем кестесі беріліп, жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік алды.
3-деңгей: ҚР ҚНРДА (қаржылық реттеуші)
Егер омбудсман мәселені шеше алмаса, реттеушіге барасыз. Ол – жағдайға ресми түрде араласа аратын жоғары инстанция.
Құжаттарды қоса беріңіз (шарт, түбіртектер, жазылған хат-хабар)
Мәселені қысқаша, әрі нақты сипаттаңыз
Пайдалы ақпарат
ҚР ҚНРДА-ға ЖАЗЫЛАТЫН ӨТІНІШТІҢ ҮЛГІСІ
Тақырыбы: №…шарт бойынша дауды реттеу талабы
Мәтіні: Мен, [АТЫ-ЖӨНІҢІЗ], ЖСН [сіздің ЖСН], [банк/МҚҰ/сақтандыру компаниясы] арасында [шарттың күні] қол қойылған №… шарт бойынша туындаған дауды шешуді сұраймын
ӨТІНІШІҢІЗДІҢ ТҮЙІНІ: [Қысқаша: болған жағдай + күні + сомасы + қай жерде құқығыңыз бұзылды]
МЫСАЛЫ: «15.10.2024 жылы мен 01.01.2023 жылғы №123 кредиттік шарт бойынша 50,000₸ көлемінде төлем жасадым. Алайда банк төлем 16.10.2024 жасалды деп, кешіктірілген төлем үшін 5,000₸ өсімпұл қосты. Төлемнің 15.10.2024 жасалғанын растайтын түбіртекті қоса ұсынып отырмын.»
МЫСАЛЫ: «Кредиттік шарттың 5.2 тармағына сәйкес, клиенттің шотынан ақша алынған күні төлем жасалған болып саналады. Банктің үзінді көшірмесіне сәйкес, ақша 15.10.2024 күні шоттан алынған.»
СҰРАЙМЫН: [Нені реттеу керек – нақты талаптар]
МЫСАЛЫ: - Төлем кестесін қайта есептеу - 5,000₸ көлеміндегі негізсіз айыппұлды алып тастау - Артық алынған комиссияны қайтару - Кредиттік бюродағы жазбаны жаңарту - Қарызды қайта құрылымдау
ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР: 1. №… шарт, [күні] 2. Төлем кестесі 3. Шоттың үзінді көшірмесі 4. Төлем түбіртегі [күні] 5. Хат алмасу скриншоттары 6. [Басқа құжаттар]
Күні: [өтініш берілген күн] Қолы: [қолтаңба/цифрлық қолтаңба]
СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ — ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!
Бұл әдіс сотқа жүгінгеннен гөрі, әлдеқайда жылдам және арзан, әрі статистика көрсеткендей, нәтижелі болады. Қолжетімді құралдарды пайдаланып, өз құқықтарыңызды қорғаңыз!
Тест
Біліміңізді тексеріңіз
Бастау
Банк/МҚҰ/сақтандыру компаниясы арасындағы дауды реттеуді неден бастаған дұрыс?
0%
0%
0%
0%
Келесi
Нәтижесін көрсету
Банк клиенттің өтінішіне қанша күнде жауап беруі керек?
0%
0%
0%
0%
Келесi
Нәтижесін көрсету
Омбудсман қандай жағдайларда өтінішті қабылдайды?
0%
0%
0%
0%
Келесi
Нәтижесін көрсету
Өтінішпен бірге міндетті түрде тіркелетін құжаттар (кредиторға/омбудсманға/ҚР ҚНРДА-ға)?
0%
0%
0%
0%
Келесi
Нәтижесін көрсету
ҚР ҚНРДА-ға қашан және қалай жүгінген дұрыс?
0%
0%
0%
0%
Келесi
Нәтижесін көрсету
🔴 Төмен нәтиже
Сабақты қайталап өткен жөн сияқты ма? Ештеңе етпейді! Қаржылық сауат біртіндеп келеді. Көбірек зейін қойып, машықтану қажет.
Тағы да
🟠 Орташа нәтиже
Жаман емес! Негізгі қағидаларды түсініп отырсыз, бірақ, әлі де үйренер бар. Біліміңзді тағы жетілдіріп көріңіз.
Тағы да
🟠 Орташа нәтиже
Жаман емес! Негізгі қағидаларды түсініп отырсыз, бірақ, әлі де үйренер бар. Біліміңзді тағы жетілдіріп көріңіз.
Тағы да
🟢 Жоғары нәтиже
Тамаша! Тестті қаржы сауаты бойынша жеке ұстасыңыз бар сияқты тапсырдыңыз. Енді несие тарихыңызды қалай жақсарту керегін және қаржылық сауатты арттыру жолын білесіз.